Ауыр металдар және олардың адам ағзасына әсері

Красота и здоровье, Новости Щучинска, Общество 973

 

Айналамыздағы қоршаған ортаның зиянды және улы заттармен жаппай ластануы қазір баршаға мәлім. Өйткені, өнеркәсіп бар барлық қалалардың атмосферасы ауыр металдардың шығарындыларымен ластанатыны ешкімге құпия емес. Ауыр металдар ауада, суда, топырақта болады, олар өсімдіктердің тамырында жиналып, табиғаттағы заттектер айналымы циклына енеді. Сол себепті улы заттар айналамыздағы барлық заттардан табуға болады: тамақ өнімдерінде, косметикада, интерьер заттарында және т.б.

Темір, мыс, мырыш, молибден сияқты металдар аз мөлшерде физиологиялық рөл атқарады: биологиялық процестерге қатысады және өсімдіктердің, жануарлар мен адамдар ағзасының дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет. Олар фотосинтез процесіне және өсімдіктердің азотты ассимиляциясына қатысады, қант, ақуыз, крахмал, дәрумендер синтезіне ықпал етеді.

Кадмий Cd – өте уытты ауыр металл. Оның ұшпалығы жоғары, сондықтан кадмийдің басым бөлігі атмосферада шоғырланып, оны ластайды. Осы ауадағы ұшпалы заттектер кадмийді балқыту зауыттары мен гальваникалық өндірістердің жұмысының нәтижесінде пайда болады. Кадмий топыраққа ауылшаруашылық тыңайтқыштарынан, сондай-ақ мұнай өнімдерінен енеді. Атмосфералық процестердің нәтижесінде ол жерге және жер беті суларына жауын-шашын түрінде түседі, бұл өсімдіктердің өсуі мен дамуын тежейді, жануарлар әлемінің өкілдеріне аса зиянды әсер етеді.

Кадмийдің ағзаға шамадан артық түсуі анемияға, бауырдың зақымдануына, өкпе функциясының бұзылуына, остеопорозға, қаңқаның деформациялануына, қан қысымының артуына әкелуі мүмкін. Ол бүйректе жиналады, олардағы тастардың пайда болуына себепші болуы мүмкін.

Қорғасын Pb –  қоршаған ортада ең кең тараған уытты элементтердің бірі болып табылады,осыған байланысты оның  адам ағзасына  әсері неғұрлым егжей-тегжейлі зерттелген.Қорғасынмен жіті улану қазіргі уақытта сирек кездеседі.Созылмалы улану құрамында қорғасына бар ауаны жұтқан кезде(мысалы,газдар),сондай-ақ  ұзақ уақыт бойы азық-түлік және ауыз сумен шағын мөлшерде қорғасын келіп түскенде байқалады.Созылмалы улану кезінде жалпы әлсіздік,терінің бозаруы,іштің ауырсынуы, «қорғасын жиек» қызыл иектің шеттерінде,анемия,бүйрек қызметінің бұзылуы байқалады.Сондай-ақ ақыл-ой қабілетінің төмендеуі,агрессиялық мінез-құлқы мен басқа да белгілер пайда болады.Ағзадан қорғасынның шығуы ас қорыту жолы мен бүйрек арқылы жүзеге асады, әрі несеп құрамында қорғасынның  жоғары болуы(0,05 мг/л астам) уланудың бірден бір көрсеткіштері болып табылады.Сонымен тағаммен бірге қорғасын бізге қалай түседі? Негізінде,консервіленген металл ыдыста жеміс-көкөністі өнімдердегі қорғасынның ұлғаюы мүмкін.Өкінішке орай, дәнекерлеу үнемі сапалы болмайды(дәнекердің шашырауы байқалады).Дегенмен,консерв банкілер тағы да қосымша арнайы  лакпен боялғанымен ол әрқашан көмектеспейді.Осы себепті,азық түлікті жинақ қаңылтыр ыдыста 5 жылдам астам сақтауға ұсынылмайды.Дайын тағамды декоративті фарфорлы немесе керамикалық ыдыста  сақтауға болмайды, өйткені өте жиі,әсіресе сары және қызыл түсті құрамында қорғасын және кадмийдің тұздары бар глазурь тағамға ауысып кетеді.Адам организиміне қорғасынның түсуінің ең күшті көзі болып ауыз су болып табылады.Әсіресе,адам үшін ең қауіпті улану тетраэтилсвинец болып табылады.Қорғасыннан қалай сақтануға болады? Бірнеше тәжірибелік кеңестерді есте сақтаңыздар. Қалалық саябақтарда саңырауқұлақтарды термеңіз,жол бойында өсіп тұрған жеміс ағаштарының жемістерін  жемеңіз және де үлкен қалалардың көшесінде үйірілген қара бұлттар тұрғанда ұзақ уақыт бойы тұрмаңыздар.

Сынап Hg  – мөлшерінің жартысына жуығы техногендік себептерге байланысты экожүйеге енетін улы ауыр металл. Мұнай-химия кәсіпорындарының ағынды суларымен және атмосфералық шығарындыларымен бірге сынап қосылыстары қоршаған ортаға шығады. Олардың басым көпшілігі-шамамен 97% – мұхиттардың бетінде орналасқан. Әр түрлі тотығу дәрежесі бар сынап қосылыстары табиғатта өзара әрекеттеседі. Ең қауіпті –сынаптың органикалық (алкилді) қосылыстары-метилсынап және диметилсынап. Суда бұл қосылыстар шөгінділерге отырып, сіңіріледі де, содан кейін баяу босатылып, қайталама ластану мен гидросфераның созылмалы уытты зақымдану көзі болады.

Сынап орталық жүйке жүйесіне зиянды әсер етеді, тахикардияны тудырады және эмоционалды тұрақсыздыққа, есте сақтау қабілетінің бұзылуына, ұйқысыздыққа, апатияға және т.б. әкеледі. Тұрақты бас ауруын тудырады.

Мыс Cu– қоршаған ортаға металлургиялық кәсіпорындардың, химиялық ток көздерін (аккумуляторлар, батареялар), ауылшаруашылық химиясын шығаратын зауыттардың қалдықтарынан түседі. Мыс иондары топыраққа енген кезде олар минералдармен және органикалық заттармен тез байланысады.

Суға түскен мыс жақын-алыс қашықтықтағы барлық су айдындарын ластап, жаңа су көздеріне жеңіл таралады. Бұл ауыр металл өздігінен жойылмайды, сондықтан ол өсімдіктерде, микроорганизмдерде шоғырланып, жиналады. Адам ағзасындағы мыстың үлкен дозалары репродуктивтік жүйесін, орталық жүйке жүйесін бұзады.

Осыған байланысты,азық-түлік саласының қызметкерлердің міндеті-тұрақты түрде тағамдық шикізатты және дайын өнімді,шығару,адам денсаулығы үшін зияны жоқ азық-түлік өнімдерінің шығуына қамтамасыз ету.Қауіпсіздік үшін барлық өнімдер Кеден Одағының Техникалық Регламенттерінің талаптарына сәйкес болуы тиіс.Біздің ауданда ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақмола облысы бойынша филиалының Бурабай аудандық бөлімінде су және азық-түлік өнімдерінің құрамында улы элементтердің(кадмий,қорғасын,мыс,сынап)  және қалдық пестицидтердің мөлшерін анықтайтын зерттеулер жүргізеді.

 

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК  Ақмола облысы бойынша филиалының Бурабай аудындық бөлімінің санитарлы- гигиеналық зертханасының дәрігері Ермағанбет А.Қ