«Түнгі сот»пилоттық жоба туралы

Новости Щучинска, Человек и закон 1 899

«Түнгі сот»пилоттық жоба туралы

 

Бурабай аудандық сотында «Түнгі сот» пилоттық жобасы аясында жүргізушілердің адамның денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлдіруіне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуына байланысты әкімшілік іс қаралады. «Түнгі соттағы» материалдар 00:00 сағатқа дейін жеделдетілген тәртіппен қаралады. Жол көлік оқиғасына әкеп соққан жол жүру ережесінің бұзылуымен байланысты әкімшілік істердің азаматтарға ыңғайлы уақытта қаралуы оқиғаның салдарын қысқа мерзімде жоюға және бүлдірген автокөлік үшін сақтандыру төлемін алу мүмкіндігін берді.

«Түнгі сот» пилоттық жобасының жұмыс істеуі туралы халықты ақпараттандыру мақсатында, Щучинск қаласының екі көшесінде ақпараттық билборд орнатылд Щучиск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 2022 жылы «Түнгі сот» пилоттық жобасы аясында көп әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды.

Қаралған істердің көпшілігі жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы салдарынан адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соқтырған әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылады (ӘҚБК-нің 610-бабы). Сот тәжірибесі көрсеткендей, әкімшілік істерді азаматтар үшін қолайлы уақытта қарау жол-көлік оқиғасы салдарын өте қысқа мерзімде қалпына келтіріп, зақымдалған автокөлік үшін сақтандыру төлемдерін алуға мүмкіндік беретінін атап өту қажет.

«Түнгі соттағы» материалдар 00:00 сағатқа дейін жеделдетілген тәртіппен қаралады. Жол көлік оқиғасына әкеп соққан жол жүру ережесінің бұзылуымен байланысты әкімшілік істердің азаматтарға ыңғайлы уақытта қаралуы оқиғаның салдарын қысқа мерзімде жоюға және бүлдірген автокөлік үшін сақтандыру төлемін алу мүмкіндігін берді. «Түнгі сот» жобасының тиідімілігі айқын және сол себепті әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша процеске қатысушылар арасында үлкен сұранысқа ие.

 

Бас маман-сот мәжілісінің хатшысы

 Момынов Әділ Маратұлы