Сайлау алды бағдарлама Мұхамеджанов Асхат

Выборы 2024, Главный материал, Новости, Новости Щучинска, Общество 3 273

Менің сайлауалды бағдарламам Щучинск қаласының тұрғындардың талаптары мен ұсыныстарына негізделген келесі мәселелерді жүзеге асыруды қамтиды.

  • Қаланы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;
  • қалада балалар мен спорт алаңдарын орнату;
  • қала тұрғындары үшін жаппай демалыс орындарын ұйымдастыру (жағажай, саябақ аймағы);
  • жастар үшін жыл бойы демалыс орталықтарын ұйымдастыру;
  • жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол белгілерін орнату;
  • шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерінде көмек көрсету;
  • қала тұрғындары үшін «Атамекен» Ұлттық палатасының жобаларын іске асыруға жәрдемдесу;
  • халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау;
  • қиын өмірлік жағдайға тап болған көп балалы, аз қамтылған отбасыларға, мүгедек адамдарға, қарт азаматтарға көмек көрсету;
  • жастардың патриоттық, рухани-адамгершілік, дене тәрбиесін дамытуға жәрдемдесу, жас ұрпақ арасында спорт пен салауатты өмір салтын дамыту жөніндегі жұмысты жандандыру;
  • білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт объектілерін, қала инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесу;
  • мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде азаматтарды жұмысқа орналастыруға және оқытуға жәрдемдесу, жұмыссыздарды қоғамдық, әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасы бойынша орындарға жіберу;
  • Щучинск қаласында жайлы мектеп салу жобасын іске асыруға жәрдемдесу.

 

Мен, өз алдыма қала тұрғындарының тұрмыс жағдайларын мен әл-ауқаттарын жақсартуға бағытталған міндеттер қойдым.

Құрметті Щучинск қаласының сайлаушылары!

Мен, Мұхамеджанов Асхат Нұрланұлы, 1985 жылы 4 қыркүйекте Көкшетау облысы Щучье ауданы Щорс атындағы кеңшарда дүниеге келдім.

2002 жылы Щорс орта мектебін бітірдім. 2008-2010 жылдар аралығында «Көкше академиясы» колледжін оқып, 2013 жылы «Көкше академиясы» жоғары оқу орнын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірдім. Сондай-ақ, Экология және орман шаруашылығы колледжін

«ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша тамамдадым.

Еңбек жолын 2006 жылы «Гүл-Гиз» ЖШС құрылыс ұйымында құрылысшы болып бастағанмын, 2015 жылдан бастап «Бурабай Стройцентр» ЖШС директоры қызметін атқарамын, сондай-ақ 2023 жылдан бастап наурыз айынан бастап Бурабай аудандық мәслихатының депутаты болып табыламын.

Бурабай аудандық мәслихатының депутаты болған кезеңде мынадай жобаларды іске асыруға ықпал еттім:

— Наурызбай батыр ауылының су құбыры;

— Наурызбай батыр ауылындағы көпфункционалды спорт алаңы;

— Зеленый бор ауылының кентішілік жолдарын күрделі жөндеу;

— Жаңаталап ауылындағы балалар шағын орталығындағы терезелерді ауыстырылды;

— Кымызнай ауылындағы бастауыш мектепте терезелерді ауыстырылды;

Қаланың мәселелерін біле отырып, мен қаламыздың өркендеуіне тағы да өз үлесімді қоса аламын деп ойлаймын. Бұл үшін менде тәжірибе, күш және пайдалы болуға деген ұмтылысым бар.

Мен идеялармен алмасуға, сондай-ақ қаланы дамуы мен өркендеуі үшін барлық азаматтар және қоғамдық бірлестіктермен кең ынтымақтастыққа дайын және ашық екенімді мәлімдеймін және сеніміңізді ақтау міндетін алға қоямын.

Құрметті жерлестер, маған сіздердің қолдауларыңыз керек!

Біз болашақты бірге құрамыз, және қаламыздың әл-ауқаты біздің қолымызда!

Сіздің дауысыңыз маңызды! Мен сіздерді сайлау учаскесіне келіп, маған дауыс беруге шақырамын!

Қаланың гүлденуі-елдің әл-ауқатының негізі!

Құрметпен, Асхат Мұхамеджанов

 

Облыстық бюджет есебінен қаржыландырылды.