Нұрпанова Марпуға Боромбайқызы Бурабай аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат № 6 сайлау округі

Выборы 2024, Новости Щучинска 4 141

19 наурыз-ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарын сайлау

Нұрпанова Марпуға Боромбайқызы Бурабай аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат № 6 сайлау округі

 

Құрметті сайлаушылар!

Мен Әділ Қазақстанды құру — басты мақсатымызды ұстану арқылы аудандық мәслихат депутаты ретіндегі қызметімде шешуге бағытталатын өзіме бірқатар міндеттер қойдым.

 

Менің сайлауалды бағдарламам келесі мәселелерді қамтиды:

— халықтың аз қамтылған топтарын әлеуметтік қолдау, көп балалы және толық емес отбасылар, соғыс және еңбек ардагерлері, жетім балалар, мүгедектігі бар адамдар, зейнеткерлер сияқты азаматтар санаттарының мүдделерін қорғау;

— жас ұрпақты барлық игі істерінде белсенді қолдау, салауатты өмір салтын насихаттау;

— жаңа жұмыс орындарын құру, еңбекке қабілетті халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында қалада кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамытуға белсенді жәрдемдесу;

— қаланың коммуналдық инфрақұрылымының тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

— денсаулық сақтау, білім беру салаларына байланысты мәселелерді қарау кезінде қолдау көрсету;

— аула аумақтарын абаттандыру, оларды көгалдандыру, балалар және спорт алаңдарын жабдықтау.

 

Әділ Қазақстанды – мүмкіндіктер мен прогресс елін бірге құрайық!

Қ.К. Тоқаев

 

Өмірбаяндық анықтама

1965 жылы 13 ақпанда Целиноград қаласында дүниеге келген. Щучинск қаласында 17 жылдан астам тұрады.

Ыстық пештердің шебер-технологы мамандығы бойынша арнайы орта білімі бар. Целиноград машина жасау техникумын бітіріп, еңбек жолын Волгоград трактор зауытында бастады, содан кейін екі жыл бойы 300-ден астам адам жұмыс істеген Целиноград қаласындағы механикалық зауытта ОТК бақылаушысы болып жұмыс істеді. Сондай-ақ зауыттың комсомол ұйымының хатшысы болды.

1987 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша және 2008 жылы Көкшетау университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Педагогикалық институтты бітіргеннен кейін мұғалім, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді, кейін Астана қ. №29 ОМ директоры болып тағайындалды, білім беру саласындағы еңбек өтілі 15 жылды құрайды.

Жергілікті өзін-өзі басқару және мемлекеттік басқару саласындағы еңбек өтілі 15 жылдан астам:

  • Щучье ауданы Зеленобор ауылдық округінің әкімі;
  • «Щучинск ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы;
  • «Щучинск ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы;
  • 2009 жылдан 2021 жылдға дейін Бурабай ауданы әкімінің орынбасары;
  • 2021 жылдан 2023 жылдға дейін 7 шақырылым депутаты, Бурабай аудандық мәслихат төрағасы.

Халық игілігі үшін ұзақ жылдардағы мансабында «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен (2021 ж.); «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.) мерейтойлық медальдарымен марапатталған; ҚР Президентінің (2022 ж.), ҚР Білім және ғылым министрінің алғыс хаттарымен (2009 ж.), Ақмола облысы бойынша ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі бастығының (2010 ж.), Ақмола облысы әкімінің (2013, 2015, 2017 ж.), Ақмола облысы әкімі орынбасарының (2016, 2018 ж.), «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының бірінші орынбасарының (2017 ж.), Қазақстан халқы Ассамблеясының (2015 ж.), ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының (2021 ж.) Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Депутаттықтың барлық кезеңінде аудан халқының түрлі мәселелері бойынша мәселелерін шешуге зор үлес қосты.

Тұрмыста, қызы бар.

 

Материал республикалық бюджет қаражатынан төленді.