Каким образом вкладчики ЕНПФ получают информацию о своих накоплениях?

Cтатьи, Общество 1 506 Пресс-центр АО «ЕНПФ»

Получение выписки со своего индивидуального пенсионного счета (ИПС) — это законодательно закреплённое право вкладчиков (получателей) ЕНПФ. Узнать о состоянии своих пенсионных накоплений можно следующими способами:

электронным способом:

  • посредством электронной почты на адрес, представленный в ЕНПФ;
  • посредством личного кабинета;

при личном обращении непосредственно в офис ЕНПФ;

посредством услуг почтовой связи.

Наибольшей популярностью пользуется способ информирования посредством личного кабинета на сайте enpf.kz или в мобильном приложении ЕНПФ, которым воспользовались более 6,3 млн владельцев ИПС, что почти в 20 раз больше, чем в 2014 году.

Ещё один формат удаленного доступа к информации о состоянии пенсионных накоплений – это получение выписки с ИПС посредством электронной почты на адрес, представленный в ЕНПФ вкладчиком (получателем), согласно выбранному им графику (ежемесячно, ежеквартально, раз в полугодие или ежегодно). К началу второго полугодия текущего года почти 800 тыс. человек выбрали данный способ информирования.

С мая текущего года ИПС по всем видам пенсионных взносов в ЕНПФ открываются в беззаявительном порядке. При открытии ИПС способ предоставления ЕНПФ информации о состоянии пенсионных накоплений автоматически определяется как «при личном обращении в ЕНПФ», который вкладчик (получатель) вправе изменить самостоятельно.

В целях определения или изменения способа получения информации вкладчику (получателю) необходимо заключить соответствующее соглашение непосредственно в офисе ЕНПФ либо на сайте ЕНПФ. Следует отметить, что:

  • на сайте ЕНПФ возможен выбор только одного способа — «посредством личного кабинета»;
  • вкладчик (получатель), используя ЭЦП, может получить информацию о состоянии пенсионных накоплений через сайт и мобильное приложение ЕНПФ и электронного правительства без заключения соглашения.

Продолжает пользоваться популярностью личный способ информирования. Непосредственно в офисах ЕНПФ получают выписки с индивидуального пенсионного счета более 3,1 миллиона вкладчиков.

Традиционной почтовой связью предпочитают получать выписку с ИПС порядка 1 млн вкладчиков (получателей), число которых заметно снизилось. Так, например, в июне 2014 году их было 4 млн, то есть в 4 раза больше. Напоминаем, чтоесли вкладчик (получатель) выбрал данный способ информирования, то ему необходимо в течение 10 календарных дней сообщить в ЕНПФобо всех изменениях, влияющих на выполнение обязательств ЕНПФ, в том числе об изменении адреса места жительства.

В дополнение ЕНПФ напоминает о необходимости регулярно проверять свои пенсионные накопления любым удобным для вас способом, чтобы быть уверенным в своевременности перечисления пенсионных взносов и планировать свое будущее.

ЕНПФ создан 22 августа 2013 года на базе АО «НПФ «ГНПФ». Учредителем и акционером ЕНПФ является Правительство Республики Казахстан в лице ГУ «Комитет государственного имущества и приватизации» Министерства финансов Республики Казахстан. Доверительное управление пенсионными активами ЕНПФ осуществляет Национальный Банк Республики Казахстан. С 1 января 2016 года функции по выработке предложений по повышению эффективности управления пенсионными активами переданы Совету по управлению Национальным фондом. В соответствии с пенсионным законодательством ЕНПФ осуществляет привлечение обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов, добровольных пенсионных взносов, пенсионные выплаты, индивидуальный учет пенсионных накоплений и выплат, предоставляет вкладчику (получателю) информацию о состоянии его пенсионных накоплений (подробнее на www.enpf.kz).

——

БЖЗҚ салымшылары өз жинақтары туралы ақпаратты қалай алады?

Өзінің жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) үзінді көшірме алу – БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) заң жүзінде бекітілген құқығы. Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты келесі тәсілдермен алуға болады:

электрондық тәсілмен:

  • БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық пошта арқылы;
  • жеке кабинет арқылы;

БЖЗҚ кеңсесіне тікелей өзі келгенде;

пошта байланысы арқылы.

Бәрінен де enpf.kz сайты немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы жеке кабинет арқылы хабарлау әдісі ең көп сұранысқа ие. Бұл хабарлау тәсілін 6,3 млн-нан астам ЖЗШ иесі пайдаланған, аталған көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 20 есеге артық.

Зейнетақы жинақтарының ахуалы туралы ақпаратты қашықтан алудың тағы бір форматы – салымшы (алушы) өзі таңдаған кестеге сәйкес (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет немесе жыл сайын) БЖЗҚ-ға ұсынған мекенжайға ЖЗШ-дан үзінді-көшірме алу. Ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығының басында 800 мыңға жуық адам хабарлаудың осы тәсілін таңдады.

Мамыр айынан бастап БЖЗҚ-да зейнетақы жарналарының барлық түрі бойынша ЖЗШ өтінішсіз ашылуда. ЖЗШ ашқан кезде БЖЗҚ-ның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру тәсілі «БЖЗҚ-ға өзі келіп өтініш жасаған кезде» деп автоматты түрде белгіленеді, оны салымшы (алушы) өз бетінше өзгертуге құқылы.

Ақпарат алу тәсілін анықтау немесе өзгерту мақсатында салымшы (алушы) тиісті келісімді БЖЗҚ кеңсесінде немесе БЖЗҚ сайтында жасауы қажет. Ескере кететін жәйттар:

  • БЖЗҚ сайтында бір ғана – «жеке кабинет арқылы» хабарлау әдісін таңдауға болады;
  • салымшы (алушы) ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның сайты мен мобильді қосымшасы және электрондық үкімет арқылы келісім жасаспай-ақ ала алады.

Бөлімшеге келіп тікелей ақпарат алу тәсілі әлі де танымалдығын жоғалтқан жоқ. БЖЗҚ кеңселерінде 3,1 миллионнан астам салымшы жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алды.

Дәстүрлі пошта байланысы арқылы ЖЗШ-дан үзінді көшірмесін алуды жөн көретін салымшылардың (алушылардың) саны айтарлықтай азайған – шамамен 1 млн. Мәселен, 2014 жылдың маусымында бұл көрсеткіш 4 млн-ға жетіп, қазіргіден 4 есе көп болатын. Ескерте кететін жәйт, егер салымшы (алушы) осындай хабарлау тәсілін таңдаса, БЖЗҚ міндеттемелерін орындауға әсер ететін барлық өзгерістерді, оның ішінде тұрғылықты мекенжайының өзгергені туралы хабарды күнтізбелік 10 күн ішінде Қорға хабарлауы қажет.

Зейнетақы жарналарының уақытылы аударылғанына сенімді болып, әрі өз болашағыңызды жоспарлау үшін зейнетақы жинақтарын өзіңізге ыңғайлы кез келген тәсілмен үнемі тексеріп отыру қажеттігі жөнінде БЖЗҚ тағы да ескертеді.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
.