№14 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША БУРАБАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ АСХАТ НҰРЛАНҰЛЫ МҰХАМЕДЖАНОВТЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Выборы 2024, Новости Щучинска 3 731

№14 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША БУРАБАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ АСХАТ НҰРЛАНҰЛЫ МҰХАМЕДЖАНОВТЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Мен, Мұхамеджанов Асхат Нұрланұлы, 1985 жылы 4 қыркүйекте Көкшетау облысы Щучье ауданы Щорс атындағы кеңшарда дүниеге келдім.

2002 жылы Щорс орта мектебін бітірдім. 2008-2010 жылдар аралығында «Көкше академиясы» колледжін оқып, 2013 жылы «Көкше академиясы» жоғары оқу орнын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірдім. Сондай-ақ, Экология және орман шаруашылығы колледжін

«ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша тамамдадым.

Еңбек жолымды 2006 жылы «Гүл-Гиз» ЖШС құрылыс ұйымында құрылысшы болып бастадым.

2010-2012 жылдар аралығында «Гүл-Гиз» ЖШС құрылыс ұйымының учаске шебері болып жұмыс істедім.

2012 жылдан 2013 жылға дейін Щучинск қаласының «Тазалық Сервис» ШЖҚ МКК директоры болып жұмыс атқардым.

2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Бурабай Құрылыс Орталығы» ЖШС директоры болып жұмыс істеймін.

 

Құрметті жерлестер!

Әрбір адамды алаңдататын маңызды мәселе — аумақтар мен жолдарды абаттандыру, сумен жабдықтау және су сапасы мәселелері. Осыған байланысты ауыз су проблемасын шешуге бағытталған бағдарламаларды іске асыруға байланысты мәселелерді шешуге жәрдемдесетін боламын. Жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге бағытталған қаржыландыруды ұлғайтуға жәрдемдесумен қатар, көшелерді жарықтандыру мәселелері де шетте қалмайды.

Біздің шынайылығымыз халықты жұмыспен қамтуды және өзін-өзі жұмыспен қамтуды ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін дамыту қажеттілігін тудырады. Өңірді орнықты дамыту мақсатында жобалық қызметті ілгерілетуге ықпал ететін боламын. Халықтың өмір сүру сапасы мен толық жұмыспен қамтылуын жақсарту үшін, ауыл тұрғындарының әрқайсысын жұмыспен қамту мен кәсіпкерлікті қолдаудың қолданыстағы бағдарламалары мен жобаларын білу мен пайдалана алуы қажет. Ауылдарда, жалпы барлық жерлерде сияқты, шағын және орта бизнесті дамыту үшін жергілікті бастамаларды іске асыруға жағдай жасау мен қолдау қажет. Жергілікті тұрғын ауылға не қажет екенін жақсы түсінеді, алайда жаңа бизнес идеяларға жол ашылу керек.

Әлеуметтік аспект те назардан тыс қалмайды, біз көп балалы және жалғызбасты аналарға жөндеу жұмыстарын жүргізуге, тұрғын үй беруге және т.б. көмек көрсету бойынша іс-шаралар өткіземіз.

 

Құрметті сайлаушылар!

Құрметті жерлестер, құрметті сайлаушылар! Жалпы, сайлауалды бағдарлама нақты істерге және оларды одан әрі іске асыруға барынша бағытталған. Алға қойылған міндеттер біздің ауылдарымыздың, ауданымыздың, тиісінше еліміздің болашағы жалпы түсінігіміз болып табылады. Мен алдында айтқанымдай, кез-келген сұраныс, Сізден келген өтініш тиісті назардан қалмайтын болады.

Тек бірге ғана біз ауылдардағы өмірді жақсарта аламыз!

Біздің басты мақсатымыз – әділ Қазақстан құру арқылы мен өзіме аудандық мәслихат депутаты ретіндегі қызметте шешілетін бірқатар міндеттерді қойдым.

Мен негізгі бағытым:

  1. Ауылдық жерлерде сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту.
  2. Мектептер маңында балалар ойын алаңдарын салу бойынша жұмыстар жүргізу.
  3. Елді мекендердің көшелерін абаттандыру және жарықтандыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру.
  4. Ауыл тұрғындарының әлеуметтік мәселесін жақсарту.

Қарапайым тілмен айтқанда, шағын кәсіпорындарды салу, жаңа жұмыс орындарын ашу және туған өлкесін дамытуға үлкен үлес қосатын жас мамандарды лайықты жалақымен жұмысқа орналастыру үшін ауылдық жерлерге бөлінетін қаржыландыруды ұлғайту қажет деп санаймын.

 

Құрметті сайлаушылар!

Мен Бурабай өңірі тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын едәуір арттыру бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға барамын.

Мықты мемлекет құру үшін, біз бірге барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін!

 

Ақмола облысы Бурабай ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді