Айжан Сейітқазинаның сайлауалды бағдарламасы

Выборы 2024, Новости Щучинска 3 157

Мен, Сейтқазина Айжан Жанахметқызы, 1993 жылы 19 тамызда Көкшетау облысының Көкшетау қаласында дүниеге келдім.
Жоғары білімім бар: 2015 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Тасымалдау және көлік қозғалысын ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірдім.
Еңбек жолын «Бурабай ауданы әкімінің аппараты» ММ Мемлекеттік қызметтер көрсету және ақпараттық технологиялар мониторингі бөлімінің инспекторынан бастадым (баспасөз хатшысы).
2020 жылдан бастап «Бурабай ауданы әкімінің аппараты» ММ баспасөз қызметінің басшысы, 2021 жылдан бастап «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы болып, ал 2022 жылдан бастап — «AMANAT» партиясы Бурабай аумақтық филиалының атқарушы хатшысы болып қызмет еттім.
2022 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «AMANAT» партиясы Бурабай аумақтық филиалының төрағасы болып табыламын.
​ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталдым (2022 ж.), тұрмыстамын, екі балам бар.

Құрметті сайлаушылар!

Біздің басты мақсатымыз – әділ Қазақстан құру арқылы мен өзіме аудандық мәслихат депутаты ретіндегі қызметте шешілетін бірқатар мәселелерді қойдым. Менің сайлауалды бағдарламам Бурабай ауданы тұрғындарының мәселелері ескере отырылып жасалынды. Осыған орай мен азаматтардың сенімін ақтауға және ауданымыздың өзекті мәселелерін барынша шешуге жәрдемдесу тырысамын.
1. Щучинск қаласындағы «Щучинский шипажайы» шағын ауданың сумен жабдықтау желісінің құрылысына ықпал ету.
Бұл бағытта жобаға сараптама жүргізу қажет. Осыдан кейін шағын ауданды сумен жабдықтау жобасын іске асыруға қаржы бөлу мәселесіне бастама жасау керек.

2. Осы уақытқа дейін «Щучинский шипажайы» шағын ауданының тұрғындарын тасымалдауды қамтамасыз ететін тұрақты қалалық бағдардағы жолаушылар ағыны мәселесі зерттелмеген, бұл тұрғындар тарапынан жиі наразылық тудырады, атап айтқанда, мұның себебі жазғы кезеңде Щучье-Бурабай курорттық аймаққа (ЩБКА) келген туристердің үлкен ағыны әсерінен автобустардың толып кеттуімен байланысты;
3. Щучинск қаласының Сейфуллин, Луначарский, Октябрьская көшелеріндегі автомобиль жолдарын жөндеу.

Өз елімнің нағыз патриоты ретінде мен сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «нөлдік» төзімділік атмосферасын құруға және аудандағы деңгейді төмендетуге ықпал етумен қатар, ауданымыздың бірлігі мен ынтымақтастығын нығайтуға ұмтыламын.

Құрметті сайлаушылар!

Мен Бурабай ауданы тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын едәуір арттыру бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға барамын.
Біз бірге барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға нақты сенімдімін.

 

Ақмола облысы Бурабай ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді