№ 7 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ БАУЫРЖАН АМАНГЕЛДІҰЛЫ СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Выборы 2024, Новости Щучинска 3 654

 

Құрметті сайлаушылар!

 

Біздің басты мақсатымыз – Әділ Қазақстан құруға сүйене отырып, мен облыстық мәслихаттың депутаты ретіндегі қызметім шешуге бағытталатын, өзіме бірқатар міндеттер қойдым.

Өзімнің сайлауалды бағдарламасының басымдықтары ретінде:

  1. Облыстың қаржылық тұрақтылығын жақсарту және халықтың барлық жігінің әл-ауқатын арттыру үшін олардың ірі және «серпінді» инвестициялық жобаларға қатысуы мақсатында қазіргі заманғы жергілікті өнеркәсіптік кәсіпорындарды жаңғыртуға жәрдемдесу.
  2. Облыс бюджетіне қомақты түсімдердің және еңбек нарығында «жұмыс қолының» сұранысының кепілі ретінде, шағын және орта бизнестің іскерлік белсенділігі мен бәсекеге қабілетті орта құруға ықпал ету.
  3. Авариялық лифттер мен шатыр жабындарын қалпына келтіруді және одан әрі орамішілік абаттандыруды қоса алғанда, жайлы өмір сүру ортасын құруға жәрдемдесу.
  4. Аула клубтарын ұйымдастыруға, ойын және спорт алаңдарын және балалардың бос уақытын өткізудің басқа түрлерін салуға көмектесу.
  5. Биліктің жергілікті атқарушы билік органдарымен кондоминиум объектілерін басқару, сондай-ақ тұрғын үйлер мен орамішілік аумақтарды сақтау және тиісті күтіп ұстау үшін тұрғындардың жауапкершілігі туралы халықпен түсіндіру жұмысы бойынша кадрларды жүйелі оқытуды ұйымдастыруына жәрдемдесу.

Әрбір адамды алаңдататын маңызды мәселе — аумақтар мен жолдарды абаттандыру, сумен жабдықтау және су сапасы мәселелері. Осыған байланысты Веденовка, Наурызбай батыр ауылдарында және т.б. ауыз су проблемаларын шешуге бағытталған бағдарламаларды іске асыруға байланысты мәселелерді шешуге жәрдемдесетін боламын. Елді мекендердің көшелеріндегі және жергілікті маңызы бар, елді мекендерді байланыстыратын жолдардың жабынын жөндеуге бағытталған қаржыландыруды ұлғайтуға ықпал ету. Көшелерді жарықтандыру да шетте қалмайды.

Өзімнің сайлауалды бағдарламамда көрсетілген міндеттерді іске асыру үшін, облыс тұрғындарының игілігі үшін күш-жігерімді аямай жұмыс істейтін боламын! Халқымыздың ынтымақтығы мен бірлігін нығайтуға ұмтыламын.

Сенімдеріңіз үшін рахмет!

 

 

Ақмола облысы Бурабай ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді