№324, 334 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН БУРАБАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНА ДЕПУТАТТЫҚҚА КАНДИДАТ ДЖАПАРОВ ТАЛҒАТ ҚҰМАРҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Выборы 2024, Новости Щучинска 3 255

№324, 334 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН БУРАБАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНА ДЕПУТАТТЫҚҚА КАНДИДАТ ДЖАПАРОВ ТАЛҒАТ ҚҰМАРҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен, Джапаров Талғат Құмарұлы, Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласында дүниеге келдім. Щучье қаласында өсіп, осында №1 мектепті бітіріп, Көкшетау ауыл шаруашылығы институтына түсіп, инженер-механик мамандығын алғаннан кейін «Алматы есеп және статистика институтын есеп-экономист» мамандығы бойынша бітірдім.
Еңбек жолымды «Горстройкомплект» мекемесінде маман, директордың орынбасары болып бастадым. 1996 жылдан бастап «Тұран» банкінде, «Бюджеттік» банкте Щучье қаласының қазынашылық департаментінде еңбек еттім. 10 жылдан астам уақыт бойы «Халық банкінің» Көкшетау қаласындағы Ақмола филиалын басқардым. Отбасылымын, 4 бала тәрбиелеп отырмын.
Қазіргі уақытта мен «Жанет» ЖШС акционерімін, бас директордың кеңесшісімін. Мен осы жерде туып өскеннен кейін қандай мәселелер барын, нені шешу керек екенін білемін, былайша айтқанда, «бәрін іштей көрдім» деп нық сеніммен айта аламын.
2021 жылы сайлаудың қорытындысы бойынша 2023 жылдың ақпан айына дейін 2 жыл жұмыс істеп, Бурабай аудандық мәслихатының 7 шақырылымының депутаты болып сайландым, «Амаnат» партиясының мүшесімін.

Құрметті жерлестер !

«Амаnат» партиясынан Бурабай аудандық мәслихатының депутаты бола отырып, Бурабай ауданының жол картасының, партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуына жетекшілік еттім. Біз алдымызға нақты мақсаттар қойып, оны орындадық. Бурабай ауданында 2022 жылға арналған бағдарламаның орындалу барысын талдай келе, жоспарланған 79 іс-шараның 90 пайызы орындалғанын көрсетті, бұл әрбір депутаттың аталған мәселелерге жауапкершілікпен, кәсіби тұрғыдан қарайтынын көрсетеді.

Осы уақыт аралығында қандай жұмыстар атқарылды?

10 өнеркәсіп нысаны іске қосылды, 800 жұмыс орны ашылды, Златополье, Веденовка, Успеноюревка ауылдарында 8 спорт нысаны, 3 футбол алаңы, ауылдарда 5 спорт алаңы іске қосылды.

Қалада 11 аула ретке келтіріліп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Ұзақ уақыт бойы қаланы жарықтандыру күрделі мәселе болды, жарық тек Әуезов, Абылайхан және Едомский үш негізгі көшелерінде ғана жанып тұратын енді. Былтыр жарықтандыру Трудовая, Коммунистическая, Сейфуллина, Иманов, Қанай-би, Мичурин, Морозов, Уәлиханов көшелеріне келді. Биыл Торғай, Октябрь, Кенесары көшелерін жарықтандыру жоспарда бар.
Иә, жұмыс бойынша ескертулер бар, мердігерлермен проблемалар бар, бірақ бұл мәселелер депутаттардың үнемі бақылауында.

2023 жылы бюджеті 380 миллион теңгеге жуықтаған «Ремзавод» және «Горный» шағын аудандарында жылу жолдарының құрылысы басталады. 12 шақырым жаңбыр кәрізі салынды. Жол – қаланың басты мәселесі. Бірақ бұл бағытта да жұмыс басталып кетті. 8 көшенің жолын орташа жөндеу аяқталды. Бұл шамамен 10 шақырым жолды құрайды. 2023 жылы облыстық бюджеттен Щучье қаласының тағы 7 көшесіне қаражат бөлінді. Жер бөлініп, биыл «Ремзавод» ауданында 1200 орындық Зияткерлік мектептің құрылысы басталады. Жалпы сметалық құны 2,4 миллиард теңгеден асатын бассейні, спорт залдары бар спорт кешенінің құрылысы басталды.
Щучье қаласындағы 400 орындық Мәдениет үйінің құрылысына конкурстық шаралар жүріп жатыр. Жақында мәдениет нысаны – қаламыздың ең көрікті ғимараты болады.

Құрметті сайлаушылар!

Біздің басты мақсатымыз – әділетті Қазақстанды құру. Осы жолда мен өз алдыма бірқатар міндеттер қойдым, оларды шешуге аудандық мәслихат депутаты ретінде бар күш жігерімді арнаймын.

Бурабай ауданы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту. Атап айтқанда, қала аумақтарын абаттандыру және жолдарды жөндеу, сумен қамтамасыз ету және су сапасын жақсарту, тұрғындар үшін скверлер, саябақтар мен аулаларды жөндеуге, балалар алаңдарын салуға бөлінетін қаржыны ұлғайтуға жәрдемдесу. Сондай-ақ, қала көшелерін жарықтандыру, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, баспана кезегінде тұрған аз қамтылғандарға үй салу мәселесі де назардан тыс қалмақ емес.

Жастар арасындағы жұмыссыздықпен күрес.

«Бизнес Енбек КZ» бағдарламасы бойынша жастарға кәсіпкерлікпен айналысу үшін гранттар бойынша қаржы бөлуге өз үлесімді қосамын.«Жастар үшін тәжірибе» бағдарламасының тиімділігін арттыру басты мақсатым.

3. Ауданда бизнестің өркендеуіне қолдау көрсету.
Ауданда кәсіпкерлерге арналған «Бизнес-инкубаторлар» ашу мәселесін шешемін.Мемлекеттік органдармен түрлі диалог алаңдарында жергілікті бизнестің мүддесін жан-жақты қорғауды жоспарлап отырмын.

4. Медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын жақсарту арқылы облыс тұрғындарының денсаулық сақтау саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру. Облыстың ауылдық округтерінде ФАП-тар ашылып, дәрігерлерді баспанамен қамтамасыз етуге көмектесемін.Дәрігер облыста ерекше деңгейде болуы керек деп санаймын

Құрметті сайлаушылар!

Мен Бурабай ауданы тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсарту бойынша алға қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға түсіп отырмын. Сайлауға қатысу- мен үшін барлық жинақталған тәжірибем мен білімімді проблемалық мәселелерді шешуге жұмсауға мүмкіндік береді. Біз бірге барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін. Әділетті Қазақстанды бірге құрайық!

 

Ақмола облысы Бурабай ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді