№ 14 сайлау округі бойынша Бурабай аудандық мәслихатына кандидат Черепанов Вячеслав Петровичтің сайлауалды бағдарламасы

Автомир, Выборы 2024, Новости Щучинска 10 548

Мен, Черепанов Вячеслав Петрович 1983 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының Қызылту ауылында дүниеге келдім. Білімім — жоғары. 2004 жылы Көкшетау университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірдім.

Жалпы еңбек өтілі 20 жыл. Қазіргі уақытта «Cherepanov-Avto» ЖШС коммерциялық директоры болып жұмыс істеймін.

Бурабай аудандық мәслихат депутаты болып сайланған жағдайда мен округтің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысып, мәдениетті дамытып, ұлтаралық келісімді нығайтып, азаматтардың мүдделерін қорғап, сондай-ақ келесі міндеттерді шешуге ықпал етемін:

— Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауларын округ тұрғындары арасында насихаттап, жолдауда көрсетілген міндеттерді селоларда жүзеге асыруға ықпал етемін;

— ауылдық округте кәсіпкерлікті дамыта отырып, салықтан түсетін түсімдерді ұлғайтуға, шығыстарды қоғамдық кеңес және ауыл ардагерлері кеңесінің мүшелерімен келісе отырып ауылдың жағдайын одан әрі жақсартуға бар күш-жігерімді саламын

— электр желілеріне қызмет көрсетуді жақсартуға және ауыл көшелерінің долдарын орташа жөндеуге ықпал етемін;

— шаруа қожалықтарының ауыл шаруашылығын дамыту үшін мемлекет ұсынатын барлық жеңілдіктер мен қаржылай қолдауға қол жеткізуін қамтамасыз етемін;

— ауылда қоғамдық тәртіпті сақтау, ауыл жастарын тәрбиелеу жөнінде жоспарлы жұмыс жүргізетін боламын;

— ауылдағы әлеуметтік қорғалмаған отбасыларға, қарттарға, мүгедектер мен көп балалы аналарға әлеуметтік және қайырымдылық көмек көрсетуге жәрдемдесемін;

— алдағы уақытта әлеуметтік саланы, экономиканы, инфрақұрылымды дамытуға, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, басқа да саяси бағыттарды іске асыруға ықпал ететін боламын.

Бір сөзбен айтқанда, менің негізгі міндеттерім — елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту және оның болашақта одан әрі дамуы мен гүлденуіне ықпал ету.

 

Құрметті сайлаушылар!

Белгіленген міндеттерді мен тек сіздермен бірге жүзеге асыра аламын! Қол жеткізген игі істерімізді сақтай отырып, ауылдық округтің гүлдендіре түсейік! Маған дауыс беріңіздер! ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАҢЫЗ!

 

Бірмандаттық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына сайлау өткізуге республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен.